қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












01.04.2018

Жаңа әлемге жол саламыз!

Үстіміздегі жылдың 28-29 жұлдызы "Жас Отан" Жастар қанатының жастары үшін айтулы күн болды. "Жаңа әлемге жол саламыз" атты IV съезге "Сырдария" университетінің студенті М.Бектеміс қатысып, ел болашағы жолындағы дарынды жастардың бастамасына куә болып қайтты.

Салауатты өмір салты мен сапалы білім алуды, еселі еңбек пен инновацияны қалайтын, егемен еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі жолында қажырлы да белсенді қызмет етуге тастүйін дайын жасампаз жастардың осы жолғы басқосуы да Қазақстан тарихындағы айрықша оқиға болды. Елбасы саясатына ерекше мән беретін "Жас Отан" ‒ тәжірибесі жылдан-жылға толығып, қанаты қатайып келе жатқан ұйым. Оған осы съезд барысында тағы да бір көз жеткізілді.

Жастар ұйымы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне жол ашатын бірнеше басымдықтарға ерекше назар аударды:
1. Рухани жаңғыру
2. Саламатты ұлт
3. Цифрлы Қазақстан
4. Білім. Ғылым. Инновация

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыруға байланысты сессия Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтіп, "Жас Отан" Жастар қанатының съезіне қатысушылар өздерінің көзқарастарын ортаға салды. Оның жұмысына "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы қатысты.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының орындалуына "Жас Отан" Жастар қанаты да белсенді атсалысып, ақпараттық технология, цифрландыру, жасанды интеллект, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қазақстандықтардың өмірін одан әрі жақсарту мәселелері және оны жүзеге асырудың тиімді тетіктері мен мүмкіндіктері жайлы пікірталас жүргізді.

Ал "Саламатты ұлт" сессиясында съезд делегаттары мен спикерлер қазіргі таңда қазақстандықтардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған факторларға назар аударып, оның алдын алу тетіктері туралы ой-пікірлерін білдірді. Өйткені қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті болу үшін саламатты ұлт қалыптастыру қажет. Сондықтан жасотандықтар бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, тұтас бір сессия жұмысын осы тақырыпқа арнады.

Назарбаев Университетінде өткен "Білім. Ғылым. Инновация" сессиясына қатысушылар да осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын топтық жоба арқылы ортаға салды. М.Бектеміс қатысқан топ "Смарт кітапхана" тақырыбындағы жобасын қорғап, жоғары бағаланған.

Съездің екінші күні жұмыс одан әрі жалғасып, қоғамның дамуы мен ғылым, білім, тарих және мәдениет салаларында жетістікке жеткен жас қазақстандықтар "Жаңа әлемге жол саламын" Гала-форумына қатысты. Олар келер ұрпаққа үлгі болар істері және еңбек тәжірибелерімен бөлісіп, қазақстандық жастардың сапалы білім алуы мен әлеуметтік әлеуетін көтеру мәселелеріне тоқталды.

Съез соңында "Жас Отан" Жастар қанатының жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, "Жас Отан" жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамын таныстырылып, бекітілді.

Съез жұмысы аяқталғаннан кейін елдің әр өңірінен жиналған жастар Астана қаласындағы Елбасы кітапханасына саяхат жасап, тілек кітапшасына университет атынан Президентке алғысын білдіріп, қолтаңбаларын қалдырды.

Жаңа ғасырда жаңа инновация мен технологияға қадам басқан қазақ еліндегі ең ірі жастар ұйымы саналатын "Жас Отан"жастар қанатының жаңа бағыты көпшіліктің көңіліне үміт отын жақты.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу