қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












12.04.2018

Білімге құштар жастар – болашақтың тірегі

Сәуір айының 12 жұлдызында "Білімге құштар жастар – болашақтың тірегі" атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі болып өтті. Он жеті бағыт бойынша өткен ғылыми басқосуда студенттердің үздік ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Конференция бағдарламасына сәйкес мамандық студенттерінің ғылыми баяндамалары 1-10 сәуір аралығында кафедра жанында тыңдалып, ғылыми дәлелі айқын, жаңашылдыққа жақын жазбалар бірінші, екінші және үшінші орынға лайықтарын анықталды.

Ең үздік ғылыми баяндамалар пленарлық мәжілісте тыңдалып, мінберге шыққан студенттердің жолданған сауалдарға мүдірмей жауап беруі, олардың ғылыми-зерттеу барысындағы ізденісің нәтижесін көрсетсе керек. Конференция барысында "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенті А.Қосанова "Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз нақыштары", "Химия" мамандығының студенті Ж.Тұрғанбек "Химияны оқытуда білімді бағалау критерийлері" тақырыбындағы ғылыми баяндамаларын жасаса, "Дизайн" мамандығының студенті Ильяс Сандуғаш Сейдуллақызы он минутта сән салтанатқа арналған кешкі көйлекті тігіп, көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Сонымен бірге Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ержанбай Назерке "Ақбөкен- мамонттың замандасы", аталған мектептің 9 сынып оқушысы Қуаныш Бибінұр "Заманауи құрттың адам ағзасына пайдасы" тақырынбағы ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстырды.

Конференция соңынды Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов бүгінгі күні жасалған баяндамалар ертеңге тарих болып қалатынын айтып, жастардың ғылыми жұмыстарына дән риза екенін жеткізді. Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, г.ғ.к., доцент А.Д.Тажекова сөзге шығып, бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген студенттерді марапаттады.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу