қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












13.03.2018

Жұқпалы аурулардың алдын алу


Бүгін оқу орнының №1 аудиториясында "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыбында аудан дәрігерлерінің қатысуымен семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу ұстанымына негізделген салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Семинар барысында дәрігер М.Ескараев "Туберкулез – аса қауіпті жұқпалы ауру" тақырыбында баяндама жасады. "Туберкулез – аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның негізінен екі түрі бар: бірі – өкпелік, екіншісі – өкпеден тыс. Ауру негізінен жөтелдің пайда болуы, салмақтың тасталуы, жиі тершеңдік, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілерін береді.

Дүние жүзінде орташа есеппен 9 миллионға жуық адам қауіпті дертке шалдығады, ал Қазақстан бойынша статистика жылына 50 адамның жұқтыратынын көрсетіп отыр. Бұл – денсаулықтың үлкен трагедиясына айналуда", - деген дәрігер студенттерді аурудың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Баяндамадан соң дәрігер жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге, аудандық орталық аурухана дәрігері К.Байзакова "Өткір ішек инфекциясы", "Қырым қанды безгегі" тақырыбында презентация жасады. Мінберде сөз алған дәрігер аурудың жалпы сипаты, белгілері, еліміздегі статистикалық мәліметтерін келтіре отырып, студенттерге ақпарат берді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі К.Джантуреева аталған мәселелері бойынша дәрігерлік кеңестерін айтып өтті.

Ең бірінші байлығымыз – денсаулығымыз. Оны сақтау өз қолымызда!

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу