қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














30.01.2018

Жастар Жолдауды қолдайды

Бүгін университет жастары мемлекет басшысының Жолдауын талқылау және оны насихаттау мақсатында семинар өткізді. "Гуманитарлық білім" факультетінің студенттік деканы және белсенді студенттері атсалысқан бұл шарада Жолдаудың он бағыты жастардың көзқарасымен бағамдалды.

Университеттің кәсіптік практика жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Н.С.Файзиев, оқытушы С.Таубаев мемлекеттік саяси бағдарламаның маңызы туралы тұжырымдарын білдіріп, жастарды қолдауға және одағы басымдықтардың орындалуына ықпал етуге шақырды.

Білімді жаттанды түрде емес, саналы түрде беру керек, сондықтан әрбір азамат Жолдаудағы мемлекеттік міндеттерді талдай отырып, пікірлерін айтқан жөн, - деген Н.С.Файзиев адами капитал мәселелеріне, оның ішінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша түсініктерге тоқталып өтті. Студент-жастардың білім алуын, жаңаруын, оқу талаптарға деген жауапкершіліктерінің жоғары әрі тұрақты болуын айтты. Сөз соңында құдықтың түбіндегі құрбақаға аспан түймедей деген ойын жеткізді.

Семинар барысында студенттік декан "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының екінші курс студенті Б.Сатуов Жолдаудағы "табиғи ресурстар" мәселесін таратып, өңірдегі ауылшаруашылық өнеркәсібін, соның ішінде мақта шаруашылығына жастар көңіл бөлу керектігін алға тартты. Ал "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенті Бектеміс Мейірхан қоғамдық-саяси өмірдегі жаяғдаяттардан мысалдар келтіре отырып, Жолдаудың жастарға берер құндылығының мол екенін атап өтті.

Бұл шара студенттердің қоғамдық сана-сезімін, патриоттық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттырары анық.



Сейлиханова Нағима, "Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы.




Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу