"Филология және гуманитарлық білім" факультеті

Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы
факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

✆ Телефон: +7 707 570 93 74
✉ E-mail: meyrbekov2020@mail.ru

Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы 1974 жылы 30 мамырда Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақыр ауылында дүниеге келген. 1991 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «тарих педагогика» факултетіне оқуға түсіп, 1995 жылы Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Алғашқы еңбек жолын 1995-1998 жылдары Жетісай қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғілімі болып бастады. Мырзабай Балтабайұлы 1998 жылдан қазірге дейінгі өзінің саналы ғұмырын «Сырдария» университетімен байланыстырып келеді: 1998-2006 жылдары «тарих» кафедрасында оқытушы, 2006-2012 жылдары аға оқытушы, 2012-2015 жылдары «Отан және шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, доцент, 2015-2016 және 2020 жылдан бүгінге дейін «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы қызметтерін атқаруда. Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы тарих ғылымдарының кандидаты (2010), 1 монографияның, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 50-ге жуық ғылыми мақаласы отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларда, ғылыми басылымдарда, ал 30-ға жуық мақаласы мерзімді баспасөздерде жарық көрген.


Факультет құрамы туралы
Факультет құрамында 4 кафедра: «Білім беру технологиясы», «Ағылшын тілі», «Отан және шетел тарихы» және «Филология» жұмыс жасайды. 


Факультеттің сипаттамасы 
«Филология және гуманитарлық білім» факультеті 1998 жылы «Сырдария» университетінің құрылымдық бөлімдердің ішінде ең алғашқылардың бірі болып құрылды. Заман талабына байланысты факультет 2009 жылы «Филология және психология» факультеті деп аталды, 2010-2011 оқу жылы «Гуманитарлық білім» факультеті деп аталып келіп, ал 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Филология және гуманитарлық білім» болып өзгертілді. Қазіргі таңда факультетте жоғары білікті 70 профессор-оқытушы құрамы студенттерге білім беруде: 4 ғылым докторы, профессор, 33 ғылым кандидаты, доцент, 2 PhD докторы, 25 ғылым магистрі, 6 аға оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушылар қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында өздерінің жаңа шығармашылық ізденістерімен көрінуде. Олар оқытудың жаңа бағдарламасын, қазіргі заманғы әдістерін игеріп, ғылыми жобаларды жүзеге асырып, жыл сайын оқу, оқу-әдістемелік құралдарын, монографияларын баспадан шығарып, ғылыми-зерттеу мақалаларын түрлі басылым берттерінде жариялап келеді. Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай. 
Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста табылған, бұдан алдын мүлдем зерттелмеген Ортағасырлық Үтіртөбе, Күлтөбе қалаларына 2004 жылдан бастап, «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерінен құралған Мырзашөл археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстарын жүргізуі және оны ғылыми айналымға енгізуі университет ғалымдарының қол жеткізген ірі табыстарының бірі. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 2004 жылы университетте музей ашылды. Музейдің экспонаты қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлермен жыл сайын толығып, көлемі ұлғайып келеді. 
Ауданымыздың іргелі мәдени ордасына айналған музей 2016 жылы Түркістан облысының туристік маршрутына енді.


«Филология және гуманитарлық білім» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды: 
Бакалавриат бағдарламалары:
1. 6В01101-"Педагогика және психология"
2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"
3. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
4. 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
5. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
6. 6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау
7. 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
8. 6В03201-"Кітапхана ісі"
 Магистратура бағдарламалары:
1. 7М01101 – «Педагогика және психология»
2. 7М01301– «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
3. 7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау
4. 7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау
5. 7М01702 - Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ

6В01101-"Педагогика және психология"

6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"

6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау

6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау

Басқа білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар 

Басқа білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар: https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары (атауы, мақсаты, жабдықтары, қажеттіліктері)
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

1. 6В01101-"Педагогика және психология"

2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"

3. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"

4. 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау

5. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6. 6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау

7. 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

8. 6В03201-"Кітапхана ісі"

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

1. "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/ycUHsEVbt1k

2. "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/9hkrG7jGW2g

3. Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/gth-_87f_H0

4. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/DfG1rEwKngQ

5. "Шетел тілі: екі шетел тілі" даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/aNfTGb15y3I

6. “Филология және гуманитарлық білім” факультеті: https://youtu.be/UikoiGQgjiM

7. “Педагогика және психология” кафедрасы: https://youtu.be/ZOoHjf8RNJo

8. “Шетел тілдері” кафедрасы: https://youtu.be/iSs6KpiFNvQ

9. “Отан және шетел тарихы” кафедрасы: https://youtu.be/bwU69hvxlQA

10. “Филология” кафедрасы: https://youtu.be/aZMrWgK3nC4


Факультет байланыстары
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: +7 707 570 93 74
E-mail: meyrbekov2020@mail.ru


 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.