"Филология" кафедрасы

Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы

"Филология" кафедрасының меңгерушісі
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.
Телефон: +7 701 460 68 67
E-mail: muratnur80@mail.ru


Философия докторы (PhD). 2001 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Ол педагогика және «Сырдария» университетінің қабырғасында бастауыш білім беру әдістемесі бойынша магистр дәрежесін алды. Сонымен қатар Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 2009 ж. Философия докторы (PhD) дәрежесімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» дәрежесі бар. 2001 жылдан бастап «Сырдария» университетінде оқытушы, аға оқытушы, профессор м.а., кафедра меңгерушісі, тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор болып жұмыс істейді. 40-тан астам отандық және шетелдік ғылыми мақалалардың авторы. Түркия, Қытай, Болгария, Өзбекстан және Қырғызстандағы зерттеулер бойынша ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы.


Біз туралы

«Филология» кафедрасы 1999 жылы 1 қазанда ашылды. Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, зерттеушілер, кітапханашылар даярланады. Кафедрада «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», «Абайология» мамандандырылған кабинеттері бар, олар заманауи көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен жабдықталған. Біз оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін, сонымен қатар сыни ойлауды дамытуға баса назар аударамыз. Біздің түлектер еліміздің жалпы білім беру ұйымдарында сұранысқа ие және жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында өз мамандықтарын табады. «Филология» кафедрасына қарасты оқу аудиториялары қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыттары бойынша көрнекілік құралдар, интербелсенді тақта, заманауи жиһаздармен жабдықталған.


Кафедра оқытушылары
Кафедрада 10 білікті оқытушылар мен ғалымдар жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 ғылым докторы, 2 философия докторы (PhD), 3 ғылым кандидаты, 4 ғылым магистрі. Кафедра оқытушылары оқытатын пәндер олардың негізгі біліміне сәйкес келеді.
Кафедра профессорлары мен оқытушылары қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жылдық жоспарларға сәйкес кафедра бұл бағытта отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми жарияланымдар, мақалалар, оқу-әдістемелік материалдар, монографиялар шығарады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының білім, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау бойынша көптеген жұмыстар атқаруда.

"Филология" кафедрасының ПОҚ тізімі
1. Абенова Лаззат Усмановна
2. Байболова Айжан Жанасбековна
3. Балтабаева Гауһар Саядылқызы
4. Батырханова Светлана Батырхановна
5. Бекмырза Сұлушаш Бекмырзақызы
6. Бейсенова Манет Сейтбаевна
7. Боранбаева Ақтолқын Раисбекқызы
8. Нұрбек Мұрат Анарбайұлы
9. Раеева Гүлсим Асқарқызы
10. Мұса Гүлжан Мұратқызы

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің түлектер Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет етіп келеді. "Қазақстан" телеарнасының "Жан жылуы" бағдарламасының продюссері және жүргізушісі Ақбаян Сапарбай, химия және биология бағыты бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Есентаев, "Қазақ әдебиеті" газетінің меншікті тілшісі Аягүл Мантаева, "Astana tv" республикалық телеарнасының тілшісі Данияр Әсілбек Құрбанұлы, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының редакторы Сатуов Бекболат Шазиллаевич, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының тілшісі Құлша Аллаберген Дүйсенбайұлы т.б. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары. «Филология» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.


Кафедраның білім беру бағдарламалары

«Филология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат бағдарламалары: 

- 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті / -6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»;

- 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

- 5В091000 - «Кітапхана ісі» / -6В03201 - «Кітапхана ісі»;

- 7М01701 - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

Магистратура бағдарламасы: 7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау
 
Кафедра, негізінен, "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша педагог мамандар, ғылыми қызметкерлер, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша кітапханашы қызметкерлерін даярлайды.

1

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ
https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
 

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары 
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

1. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау


2. 6В03201-"Кітапхана ісі" 

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
1. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/DfG1rEwKngQ
2. «Филология және гуманитарлық білім» факультеті: https://youtu.be/UikoiGQgjiM
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы: https://youtu.be/aZMrWgK3nC4

Кафедраның қысқаша тарихы

Білікті кадрларды дайындайтын кафедрада бүгінгі таңда 10 профессор-оқытушы қызмет атқарады.
Олар: п.ғ.д., профессор – А. Жапбаров, филология ғылымдарының кандидаттары, доцент – Қ. Жидебаев, Л. Абенова, С. Бекмырза, М. Бейсенова, ғылым магистрлері – А. Байболова, М. Нұрбек, Ш. Қалыбекова, Г. Раеева, Б. Әбшенова.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізінде кафедра профессор-оқытушылары қазіргі тіл білімі және әдебиеттану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар береді. Болашақ мамандардың білімін тереңдету мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылған. "Абайтану", "Тілтаным", "Оқырмандар конференциясы" - ізденушілердің таным көкжиегін дамытатын басты шаралар. "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасына қарасты оқу аудиториялары заман талабына сай көрнекі құралдармен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандықтың студенттері тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы бағытындағы мерзімді басылымдарды, оқулық пен оқу құралдарын, зерттеу монографиялары мен көркем әдебиеттерді, электронды басылымдарды еркін пайдалана алады. Ұлт келбетіне айналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" саласындағы профессор-оқытушылардың ерен еңбектері түрлі номинациялар бойынша бағалануда. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ. Жидебаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен (2005), Л.У.Абенова "Сырдария университетінің үздік оқытушысы" (2013), "Білім беру ісінің үздігі" (2014) төсбелгісімен марапатталған. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары. Қазақ тілі мамандығының студенті Саулетова Гауһартас Университет атынан аудандық арулар конкурсына қатысып, "Мақтарал аруы - 2016" атанды. Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттың келбеті, болашағымыздың айнасы. Осы болашақтың тұтқасы білімді ұрпақ қолында.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.