"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Турскельдина Майра Темирхановна 
Телефон: +7 701 760 16 10
E-mail: Maira_T@mail.ru

Қазақ ұлттық спорт және туризм академиясының түлегі, дене шынықтыру және спорт маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын Алматы облысы Алматы қаласындағы №25 орта мектепте бастады, 34 жылдан астам Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, 12 жылдан астам "Қайнар" академиясында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта "Сырдария" университетінің "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Жетекшісі 150-ден астам магистрант. 90-нан астам ғылыми мақаланың, 5 оқу құралының және 10 электрондық оқу құралының авторы.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Дене шынықтыру және спорт саласында үлкен педагогикалық тәжірибеге ие. 1978 жылы Өзбек мемлекеттік физкультура институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. Ілгері Өзбекстан мемлекеттік дене тәрбиесі институтында «Ден шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарған. Үш оқулық, екі монография және 117 ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар, Шетелдік басылымдарда 20 ғылыми еңбегі жарық көрген. Бірнеше жылдан бері дене шынықтыру және спорт саласында шәкірттер тәрбиелеп келеді.
 

Кафедра туралы

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 1998 жылы құрылған болып, «Сырдария» университетінің ең алғашқы кафедраларының бірі болып табылады. Мұнда Дене шынықтыру және спорт мамандары даярланады. Біздің түлектер кәсіби тұғыдағы педагогтар, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және нұсқаушылар болып, әр түрлі жеке меншік және мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқарып келеді. 
Біз студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен мән береміз. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы арнайы дайындалған «Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық ойындар», «Олимпиадалық білім» аудиториялары және спорт кешендерімен жабдықталады. Кафедрада арнайы «Кәсіби спортшы» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды. Біздің студенттер Қазақстандық, Халықаралық және университеттік ғылыми-зерттеу конференцияларына белсенді қатысып келеді. 
Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігі арқасында кафедра студенттері жоғары деңгейдегі теорялық және практикалық білім алады және қазіргі құбылмалы әлеуметтік-экономикалық жағдайда құзыретті шешімдер қабылдай алады.


Кафедра оқытушылары

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының штатында 15 адам – 1 ғылым докторы, профессор, 7 ғылым кандидаты, оның 1-уі профессор, 3-уі доцент, 2-уі ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 7 ғылым магистрі, аға оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары практикалық білімдеріне сүйене, оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді түрде оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізіп отырады. Сонымен қатар, шетелдік ғылыми журналдарда, отандық басылымдарда өздерпінің ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялап отыруды әдетке айналдырған.

1. Турскельдина М.Т. – п.ғ.к., доцент
2. Куанышев Т.Ш. – п.ғ.к., профессор
3. Мырзабек Л.Ә. – п.ғ.к.
4. Испандияров М. – п.ғ.к. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы
5. Керимов Ф.А. - п.ғ.к., доцент
6. Кулбаев С. - п.ғ.к. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы 
7. Нуримов Р.И. - п.ғ.к., доцент
8. Туребеков Б.А. – ғылым магистрі
9. Әбіш Е.Т. - ғылым магистрі
10. Муталиев Б.Т. - ғылым магистрі
11. Іңкәрбеков Д.Б. - ғылым магистрі
12. Азимбаев Ж.А. - ғылым магистрі
13. Козбаев Е.У. - ғылым магистрі
14. Сапарбеков Н.С. - ғылым магистрі

Кафедрадағы білім беру бағдарламалары: 

6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау/5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт».
 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.