"Сырғалым" қыздар клубы

Ақпараттық технологиялар және жаратылстану ғылымдар факультетінде 25.10.2021 күні «Сырғалым» қыздар клубы ашылды

Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн. Осыған байланысты «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары»  факультеті,  Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 1-4 курс студенттерінен құралған «Сырғалым» қыздар клубы ашылды.
Қыздар клубының мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралыжан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойынарухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Бұл қыз балалардың тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, қонақ күту әдебін қалыптастыруға үйрету ескеріледі.

https://youtu.be/WU3ArXWn4Qo