"ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі

Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы

ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің басшысы

философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.
✉ Е-mail: bsproff@mail.ru


💾 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе

☑ "ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі туралы бейнеролик: https://youtu.be/IRB57OckDMA

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университеттің жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі ЖОО кафедраларының оқу үдерісін үйлестіруші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес магистрлерді дайындайды.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "магистр" дәрежесі беріледі.

Университет магистратурасында оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) және келісімшарт негіздерінде жүзеге асырылады.

Магистрлерді даярлау университеттің 6 кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүргізіледі.

Жыл сайын университетте студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өткізіледі, мұнда магистранттар өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін баяндап, оларды жариялай алады.

Бүгінгі күні университетте 6 білім беру бағдарламар бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі.
 

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім бағдарламасының коды және атауы

 7М01-Педагогикалық ғылымдар 

 

 

7М011-Педагогика және психология

7М01101-“Педагогика және психология”

7М013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

7М01301-“Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі”

7М016-Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау

7М01601-Тарих педагогтарын даярлау

7М017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау

7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау

7М01702-Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау

7М04-Бизнес, басқару және құқық

7М041-Бизнес және басқару

7М04101-“Экономика”

 

2021-2022 оқу жылына магистратураға қабылдау

📆 Өтініштер қабылдау мерзімі – 18 маусым – 15 шілде 2021 жыл
📆 Оқуға түсу емтихандарын өткізу мерзімі – 20 шілде – 10 тамыз 2021 жыл
📆 Конкурс өткізу мерзімі: 10 тамыз - 25 тамыз 2021 жыл
📆 Магистратураға қабылдау – 2021 жылдың 28-ші тамызына дейін

  • КТ аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі;
  • Өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ ҰТО АЖ арқылы онлайн режимде іске асырылады;
  • Тестілеу кезінде тұлғаны сәйкестендіру көлемді-кеңістіктік (Face ID) нысанды сканерлеу арқылы жүзеге асырылады;
  • Магистратураға КТ компьютерлік форматта өтеді;
  • Электронды сертификат беру қарастырылған;
  • Апелляция онлайн форматта. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсуші тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады;
  • Магистратураға түсушілер ҰТО сайтында байқау сынағынан өте алады.
     

Кешенді тестілеу (КТ):

  • Шет тілі бойынша тест немесе шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
  • Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
  • Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabyldaukomissiyasy@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 702 138 03 10