"Білім беру технологиялары" кафедрасы

Аяшев Оңалбай Аяшұлы

педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Телефон: 8(72534) 6-14-63
E-mail: ayashev@sirdariya.kz


Аяшев Оңалбай Аяшұлы 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында  дүниеге келді. 1967 жылы  Қапланбек зоовет техникумын, 1971 жылы Шымкент педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. 1971 жылдан Шымкент педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан,  проректор қызметтерін атқарған.

1996-2000 жылдары ХҚТУ Жетісай бөлімшесінің директоры, мемлекеттік емес “Сырдария” жоғары колледжінің ректоры болды. 2000-2004 жылдары  “Сырдария” университетінің Президенті қызметін атқарды.

2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  «СК Астана» бірлескен қорының Бас директорының орынбасары болып істеді.

О.Аяшевтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде  2011 жылы 70 жылдық тарихы бар Шымкент педагогикалық институты қайта қалыпқа келтіріліп, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ретінде бой түзеді.   Аталмыш институттың ректоры қызметін  2011-2019 жылға дейін атқарды. Сол жылдар арасында  институтты  университетке жеткізіп,  бірнеше мамандықтар және магистратура, докторантура бөлімдерін ашты.

Ол көптеген ғылым кандидаттарын және ғылым докторларын дайындады. 110 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде монография және оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. «Президенттің назары» (2008ж.), «Елбасы» (2010 ж.), «Тәуелсіздік» 2011ж.) және «Елбасы сүйген Оңтүстік» (2011ж.) кітаптарының авторы.

О.Аяшев - Оңтүстік Қазақстан облысының 2003 жылғы «Ең үздік ғалымы»,  Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы», классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер.


Біз туралы
Білім беру технологиялары кафедрасы 2019 жылдың қыркүйегінде Педагогика және психология кафедрасынан бөлініп ашылды. Кафедраны п.ғ.к., доцент Д.Кемешов басқарды, қазіргі кезде кафедраны п.ғ.к., доцент Т.И.Кокымбаева басқарады, инновациялық педагогикалық технологияларды қолданады.
Біз педагогика ғылымдарының түлегі үшін қажетті негізгі құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін қалыптастырудың заманауи тәсілін жүзеге асырамыз. «Білім беру технологиялары» кафедрасы «Бастауыш мектепте жекелеген пәндерді оқыту әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика» мамандандырылған кабинеттерімен жабдықталған. Кафедрада «Ізденіс» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмысына ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын студенттер қатысады. Үйірме сабақтарында студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылары үйретіледі, студенттердің ең жақсы еңбектерін жариялау насихатталады, студенттердің ғылыми жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына, олимпиадаларына конкурстар ұйымдастырылады және өткізіледі.
Осы оқу бағытын таңдаудың артықшылығы - жұмысқа орналасу орындарының кең таңдауы: бұл үнемі білікті оқытушылар құрамына зәру білім мен ғылым саласы.


Білім беру бағдарламалары
Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламасын дайындайды: 

6В01101-“Педагогика және психология”

6В01201-“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”

7М01101 "Педагогика және психология"

6В01301- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

7М01301- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі».


Кафедра оқытушылары
Кафедрада 10 адам жұмыс істейді, оның ішінде екі ғылым докторы, үш ғылым кандидаты, төрт ғылым магистрі және бір аға оқытушы. Педагогикалық ұжым бірлесіп «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ мұғалімдердің шығармашылық көзқарастарын қалыптастыру» бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша оқытушылар құрамы оқулықтар, монографиялар, ғылыми мақалалар шығарады.

Аты-жөні

Ғылыми атағы, дәрежесі

Байланыс номеры

элек. почта

1

Қоқымбаева Торғай Игеновна

п.ғ.к., доцент

8 777 809 30 73

Safia01021951@mail.ru

 

2

Аяшев Оңалбай Аяшевич

п.ғ.д., профессор

 

 

3

Ахметова Гулнар Батырбековна

п.ғ.д., доцент

8 701 756 15 07

ahmetovag@@mail.ru

4

Орманова Зауре Қурбанбаевна

пси.ғ.к., доцент

8 707 178 19 62

Ormanova.zaure@bk.ru

5

Зейдина Молдир Зикировна

философия докторы(PhD)

8 701 600 84 42

Moldir_03_87@mail.ru

6

Файзиев Нуржан Сапарханович

ғ.м., аға оқытушы

8 702 475 75 30

nurjan.0788@mail.ru

7

Шаманбетова Назира Каскырбаевна

ғ.м., аға оқытушы

8 702 308 93 08

 

8

Мұса Нұрбала Ерденовна

ғ.м., аға оқытушы

8 778 209 73 09

nurbala_95@list.ru

9

Төлегенова Дина

ғ.м., аға оқытушы

8 778 466 07 33

tulegenova.dinka@mail.ru

10

Исаева Күлайна Алихуловна

аға оқытушы

8 702 475 58 42

ils.djnaz@mail.ru

Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми-зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. 
Кафедра ұжымы бірлесіп «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында болашақ педагогтардың креативті көзқарастарын қалыптастыру» бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде профессор-оқытушылар жыл сайынғы жоспар бойынша оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады. 

П.ғ.д., профессор О.Аяшев "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі"(2000ж), "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері"(2000ж) төсбелгісімен марапатталып, «Елбасы шарапаты 100 сөз (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)», «Жас ұстазға 100 бағдар», «Ұстаздың базалық білімі», «Білім беру әдістерін теңестіру» т. б., п.ғ.к., доцент Т.И. Қоқымбаеваның «Педагогика тарихы», «Бастауыш білім педагогикасы» т.б. ғылыми еңбектерін қазақстанның барлық ЖОО пайдаланады. 
Кафедра профессор-оқытушылары: п.ғ.д., доцент Г.Б. Ахметова ҚР Білім және ғылым министрдің Құрмет грамотасы (2019) марапатталып, 2019 жылы "Педагогтардың зерттеушілік ойлауын дамыту (Lesson Study тәсілін енгізу арқылы), "Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия", "Мектептің дамуын жоспарлау", " Білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау әдістері» тақырыбында «Назарбаев зиялы мектептер», Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды.
Аға оқытушы, ғылым магистрі Файзиев Н.С. 2013-2014 оқу жылы қорытындысы бойынша өңірлік жастар сыйлығының «Үздік жас оқытушы» номинациясының иегері, 2016 жылғы «ХХІ ғасыр педагогы атты республикалық байқаудың ІІІ орын иегері. 
«Білім беру технологиялары» кафедрасына қарасты «Бастауыш сыныпта жеке пәндерді оқыту әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика» кабинеттері т.б. көрнекілік құралдар, интербелсенді тақта, заманауи жиһаздармен жабдықталған..
«Білім беру технологиялары» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде. 
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жеке жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 2020-2021 оқу жылында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда қатынасу дәрежесі 30% жеткізу жоспарланған. Кафедрада «Ізденіс» студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. 


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. ОПҚ-ның біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Практика келісім-шарттары
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған кабинеттер 
11. Дипломдық жұмыс
12. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
13. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
14. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.