Студенттерге қызмет көрсету орталығы
- 1 view

Амантаева Меруерт Амангелдиевна
Бөлім басшысы
Телефон: +7 778 188 15 97
E-mail: meruert.amantaeva1985@mail.ru
Студенттерге қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты - құжаттарды ұйымдастыру және басқару жұмыстарын бақылау, үйлестіру, тексеру және жүзеге асыру.
![]() |
Әбілхан Жансая Бауыржанқызы Бөлім әдіскері
✉ E-mail: super_jans.98@mail.ru |
- Студенттерге қызмет көрсету орталығының 2019-2020 оку жылындағы жылдық eceбi

Студенттерге қызмет көрсету орталығы - университеттің ашылуымен бірге жұмысын бастаған «Сырдария» университетінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.
Студенттерге қызмет көрсету орталығының тарихына тоқтала кетсек, 1998-1999 жылдар аралығында бөлімді Бейсенова Галия Кабылбекқызы, 1999 жылдан 2002 жылға дейін Бейсенова Дамира Кабылбекқызы басқарды. 2002-2004 жылдары Каракушикова Гульмира Жексенбайқызы басқарса, 2004-2008 жылдары Сейдалиева Гулзада, 2008-2012 оқу жылы аралығында Сейдикеримова Дамира, 2012-2013 оқу жылы Каракушикова Гульмира Жексенбайқызы басшылық етті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бөлімді Абуова Баян Өсербайқызы басқарып келеді.
Студенттерге қызмет көрсету орталығының құрамында меңгеруші және екі жоғары білікті маман-әдіскерлер жұмыс жасайды.
Студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің жыл бойғы жұмыстарының барлық түрлері бойынша құжаттарды рәсімдейді. Бөлімнің алдына қойылған міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады. «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне университетте оқитын студенттер контингенті түгел енгізілген.
Студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің негізгі бағыттары: барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру, студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын дайындау, студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Platonus жүйесіне) енгізу, студенттер қозғалысы бойынша жасалған, курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу, мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу, басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу, ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу, оқу жылының басында статистикалық 3НК - жылдық есебін тапсыру, түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру, студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау, кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР БҒМ оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау, бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары) сұраныс беру, студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу.
2019-2020 оку жылында «Сырдария» университетінде жалпы студент саны - 3361
Күндізгі бөлімнің контингентін 3 жылмен салыстыру
2017-2018 оқу жылы | 2018-2019 оку жылы | 2019-2020 оқу жылы |
2038 | 2188 | 3144 |
Сыртқы бөлімнің контингентін 3 жылмен салыстыру
2017-2018 оқу жылы | 2018-2019 оку жылы | 2019-2020 оқу жылы |
632 | 1196 | 72 |
Түлектерді 3 жылмен салыстыру
Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:
- барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру:
- студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын дайындау;
- студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Platonus жүйесіне) енгізу;
- студенттер қозғалысы бойынша жасалған, курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу;
- бұйрықтардың көшірмелерін бухгалтерияға, тіркеу бөліміне, факультетке беру;
- мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу;
- күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттердің курс, мамандық және факультет бойынша қозғалысына ай сайын есеп беру, жасалған ақпаратты қажетті бөлімдерге (тіркеу офисіне, бухгалтерияға, деканаттарға) беру
- басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу;
- басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу;
- ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу;
- оқу жылының басында статистикалық 3НК - жылдық есебін тапсырады;
- диплом толтыру алдында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын білім алушылардың іс-құжаттарының толықтығына бақылау жасау;
- түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру;
- студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау;
- кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау;
- бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары) сұраныс беру;
- студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу.
Оқиға категориялары
🔎 Tilqural.kz 🔎 Tilalemi.kz 🔎 Balatili.kz 🔎 Emle.kz 🔎 Termincom.kz 🔎 Sozdikqor.kz 🔎 Qazcorpora.kz 🔎 Qujat.kz 🔎 Tilmedia.kz 🔎 Atau.kz 🔎 Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет